Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Әсем қоңыр» атты күйшілер өнерін тамашалайтын халықаралық тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара

2021 жылдың 13-сәуірі күні «Әсем қоңыр» атты күйшілер өнерін тамашалайтын халықаралық тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара өтті. ОЗХТ және Химия мамандықтарының 1-3 курс студенттері (ОЗХТ 203-205, ХЗ 214, ХЗ 101), «Мұнайхимия» мамандығының 1-курс магистранттары мен физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұстаздары х.ғ.к., доцент м.а. Г.Ж. Жақсылықова, х.ғ.к., аға оқытушы Ф.М. Канапиева, PhD, аға оқытушы Н.Ж. Құдайбергенов және Мұнайхимия мамандығының 1 курс магистранттары П. Алматқызы, Д. Мамырхан ұйымдастырды.

Халықаралық іс-шараға Түркияның Сакария қалалық муниципалитет оркестрінің күйшісі Седат Салогуғлы Дина Нұрпейісованың «Наурыз күйін» тарту етті. Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар университеттерінің студенттері (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіні, Қазақ Ұлттық өнер университетінің Домбыра мектеп-колледжінің студенті) және өзіміздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің студенттері өздерінің өнерлерін паш етті.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры Булатбаева Айгуль Абдимажитовна іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтып, оң бағасын берді.

Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырылған іс-шарадан керемет рухани азық алды.  

Басылым күні :  26.04.2021