Практикалық қолданысқа ие маңызды өнімдерді бөліп алуда жүн шайырының терең өңделуін зерттеу

2021 жылдың 16 сәуірінде физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында 3 курс докторанты С.Д.Дузелбаеваның «Практикалық қолданысқа ие маңызды өнімдерді бөліп алуда жүн шайырының терең өңделуін зерттеу» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинары өтті. Семинарда докторант Дузелбаева С. ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша баяндама жасады. Докторант Самал зерттеу нәтижелерінің талдауларын ғылыми тағылымдама «Антиген» ҒӨМ ЖШС базасында жасағанын атап көрсетті. Семинар соңында профессор-оқытушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, докторант жұмысына толықтырулардың әлі де енгізілу қажеттігі ескеріліп айтылды. Докторант тарапынан айтылған ұсыныстар қабылданып, кафедра профессорлары жұмысына сәттіліктер тіледі.

Басылым күні :  20.04.2021