Модифицирленген жоғары кремнеземді катализаторларда пропан-бутан фракцияларынан ароматты көмірсутектер алу

2021 жылы 2 сәуірде химия және химиялық технологиялар факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының мәжілісінде 3 курс PhD докторанты Темірова Айманның ғылыми жұмысы талқыланды. Ғылыми жұмыстың тақырыбы Модифицирленген жоғары кремнеземді катализаторларда пропан-бутан фракцияларынан ароматты көмірсутектер алу. Ғылыми жұмысты талқылау барысында жұмыс тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды және толық жауаптар алынды, тақырыпты зерттеудің келесі міндеттері анықталды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жұмысты талқылау бойынша ауқымды жұмыс атқарып үлкен нәтиже алынды.

Басылым күні :  20.04.2021