Оқу өмірі керемет

12 наурыз күні сағат 16:00-де ZOOM алаңында «7M05301-Химия» мамандығының химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының 1 курс магистранттары, педагогикалық практика аясында «Оқу өмірі керемет!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Жауапты оқытушылар х.ғ.д., профессор Сейілханова Г.А., х.ғ.к., доцент Сыздықова Л.И. Іс-шара барысында ғылыми конференцияларға қатысу артықшылығы, Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар туралы ақпарат қарастырылды («Әл-Фараби әлемі», «Функционалды материалдардың химиялық технологиясы» және т.б.). Әр түрлі халықаралық стипендиялық бағдарламалар және оларды алу мүмкіндіктері де талқыланды. Іс-шараға біздің факультеттің студенттері белсенді қатысты.

Басылым күні :  13.04.2021