Геологтар күні

Ұлы ғалым, ұлағатты ұстаз, белгілі қоғам қайраткері, геолог, елімізде тау-кен ғылымының негізін қалаған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне және сәуір айының алғашқы жексенбісі геологтар күніне орай Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы жанындағы 7М07201- “Мұнай-газ ісі” оқу бағдарламасының магистранттары мен оқытушылары ұйымдастырған іс-шара өтті.

Өткен іс-шараның қонағы, ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан, еліміздегі әлемге танымал алып Теңіз мұнай кен орнын игеріп отырған Тенгизшевройл кәсіпорнының білікті маманы атақты геолог Руслан Жұмағалиев ағамыз болды.

Ол өзінің бұл мамандыққа қалай келгенін және оның ыстығы мен суығына төзіп, өзінің өмір жолына бұл қиындығы мен қызығы мол мамандықтың оң өзгерістер әкелгенін қызығушылықпен баяндады. Ағамыз, өзінің біраз жылдардан бері астрономия, медицина және айналадағы табиғи құбылыстарға көңіл бөліп, зерттеу жүргізіп алғашқы нәтиже-тұжырымдарын жасағаны туралы баяндап берді. Ағамызбен кездесу барынша қызықты өтті.

Басылым күні :  09.04.2021