Салауатты өмір салты

Адам денесінің жетілуі – оның саулығы;

егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,

ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.

Әбу Насыр әл-Фараби

2021 жылдың 3 сәуірде Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының «Мұнайхимиясы» мамандығының 1-ші курс докторанты Сайлау Ж. және «Мұнай-газ ісі» мамандығының 1-ші курс магистранттары Идрисова Д., Жамашева А. педагогикалық тәжірибе аясында MS Teams платформасында «Салауатты өмір салты» атты іс-шараны өткізді.

Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты» тармағында, «...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан оқу мекемелеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу және осыған байланысты негізгі мәселелерді талқылау: салауатты өмір салты туралы ақпарат, оңын негізгі әсерету факторлары мен қағидалары, қалыптастырудағы мемлекеттік бағдарламалар және елбасы жолдауы. Іс-шараға химия және химиялық технология факультетінің студенттері, магистранттары мен оқытушылары қатысып, талқыланған мәселелердің маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.

Басылым күні :  09.04.2021