Ашық есік күні

2021 оқу жылының Наурыз айының 17-күні «Химия және химиялық технология» факультетінің 2 және 3 - курс студенттеріне онлайн түрде «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасының ашық есік күні өтті. Студенттер кафедрада арнайы пәндерді жүргізетін профессор – оқытушылар құрамымен және кафедрадағы ғылыми бағыттармен танысты. Өткізілген кездесу студенттерге өздерінің келешектегі ғылыми бағыттарын, ғылыми жетекшілерін және мамандықтарын таңдауда нақты және сенімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл шараның алдына қойған мақсаты – білім алушыларды өздері қалаған кафедрамен таныстыру, сондай-ақ болашақ мамандықты дұрыс таңдауға сенімділіктерін арттыру.

Басылым күні :  05.04.2021