Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

2021 оқу жылының Наурыз айының 17-күні «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасында х.ғ.к., доцент м.а. Орынбасар Р.О. жетекшілік етуімен Наурыз мерекесіне орай «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты өтті.

Мерекелік шараның мақсаты Наурыз мерекесі туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Мерекелік шараны өткізу барысында студенттер ұлттық киімдерге, ою-өрнектерге, ұлттық ойындарға, қазақы әшекей бұйымдарға, Наурыз көженің құрамына қосылатын тағамдарға, қазақтың ырымдарына толық сипаттама берді. Сонымен қатар қатысушы қонақтарға сөзжұмбақтар мен ойындар ұсынды, қатысушы студенттер белсенділік көрсетті. Барлық материалдар презентация түрінде ұсынылды. Мерекеге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен 2 және 3курс студенттері қатысты. Тәрбие сағат соңында кафедраның профессор - оқытушылары ұйымдастырушыларға өздерінің жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді.

Басылым күні :  18.03.2021