Қос дипломды білім беру бағдарламасы

Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Францияның Лотарингия университеті арасындағы әртүрлі білім бағдарламалары аясындағы байланыстары дамып келеді. Соның бірі үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Химия және химиялық технология факультетінің, «Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасына қарасты 7М07202- «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасына сәйкес білім алып жатқан магистранттарымызға Лотарингия университетінің профессор-оқытушылары өз сабақтарын он-лайн форматта бастап кетті. Бұл курстар арқылы магистранттарымыз, біріншіден еуропалық ұстаздардан алатын білімдері арқылы танымдарын кеңейтсе, екіншіден іріктеуден өткен соң, еуропалық оқу орнында білімдерін жалғастырып, тәжірибе жинақтап қос диплом алу мүмкіндігіне ие болады.

Өтіп жатқан курстар: геология, жерасты гидромеханикасы, минералды ресурстар және оларды өңдеу бағытында.

Лотарингия университетінің білікті профессоры, әрі мұнай-газ ісі бөліміне жауапты өкілі Ирина Панфилова қазіргі кезде Transport of fluids, multiphase flow and hydrodynamic in the reservoir (Сұйықтықтардың тасымалдануы, көп фазалы ағын және резервуардағы гидродинамика) курсы бойынша сабақ өтуде. Курсты өту барысында магистранттар су қабаттары, олардың геометриясы және гидростатикасынан, кеуекті ортаның параметрлерінен; мұнай және газ кен орындары, жер асты қоймалары: геометриясы және термодинамикасынан, кеуекті ортадағы бір фазалық ағын теориясынан;

тұрақты ағынның ағынның қалыптасуы оны теориялық және өндірістік қолдану аясы; тұрақты емес ағын оны теориялық және өндірістік қолдануынан қосымша хабардар болады.

Басылым күні :  09.03.2021