ON-LINE РЕЖИМІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің «5В011200-Химия» мамандығы 3 курс студенттері Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте педагогикалық практикадан өтті.

34 студенттер «8А», «9В» және «10ә» сыныптарына бөлінді. Алдымен олар таңдалған сыныптардағы онлайн сабақтарға қатысты, содан кейін өздері Telegram және Zoom платформаларында онлайн сабақтар өткізді.

Практика басталмас бұрын студенттерде көптеген сұрақтар болды: «Біз оқушыларды қалай оқытамыз?», «Онлайн сабақтарын қалай өткіземіз?», «Оқушыларды онлайн-желідегі оқу процесіне қалай тартуға болады?» деген скептикалық ойлар басым болды.

Педагогикалық практика барысында тәжірибелі Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің химия-экология пәнінің мұғалімі Амина Жақыпбекқызы студенттерге оқытудың кәсіби құпияларын үйретті. Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Ж.А.Супиева тағайындалды. Онлайн-практика сәтті өтті.

Басылым күні :  09.03.2021