Шетелдік ғалыммен кездесу

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында маманданатын 301А ОЗХТ тобы студенттері кафедрамызға шақырылған Иран Ислам Республикасының профессоры

Абдолла Есмайылмен бейнеконференция өтті. Кездесу сұрақ жауап түрінде өткізіліп, болашақ химик-технолог мамандығының келешекте алатын орыны, әлемдік деңгейде бұл мамандық иелеріне деген сұраныс пен бәсекелестік қандай бағытта дамып келе жатқаны туралы салыстырмалы статистика тұрғысынан, нақты сандық көрсеткіштермен айқындалып, терең жауаптар қайтарылды. Кездесу қонағы профессор Абдолла мырза мұнай кенорындарын игеру мен өндіру және тасымалдау саласының маманы болғандықтан, негізгі сұрақтарды стратегиялық шикізат тұрғысынан өрбітіп, қазіргі заманауи жастардың инновациялық технологиялардың қарыштап дамуына көзқарастарының қандай деңгейде екеніне сараптама жасай отырып, оған ілесе отырып үлес қосуда көп оқып, білім алу керектігін алға тартып, алынған білімді практикамен ұштастыруда ғылыммен айналысу қажеттігін айтты. Екі мемлекеттің де жері пайдалы қазба байлықтарға бай екені, оны игеріп, адамзат қажетіне айналдыру бүгінгі білімді жастардың қолында екені, ол үшін ғылыммен айналысуға бастар жол студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелі, жоспарлы ұйымдастырылып, алынған жетістіктерін әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда, конкурстарда, олимпиадаларда баяндау жолдарына кеңінен нұсқаулар, кепілдемелер берілді. Кездесу өте мазмұнды, әрі жоғары деңгейде өтті.

Басылым күні :  04.03.2021