Математикалық модельдеудің маңызы

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында маманданатын 301А ОЗХТ студенттерімен Египет Араб Республикасынан шақырылған профессор Гемиль Ахмадпен химиялық-технологиялық процестерді математикалық моделдеу бағдарламаларның өндірісте алатын орыны мен маңызы бойынша бейнеконференция өтті. Студенттер математикалық моделдеу саласының артықшылығы мен ерекшеліктерін, теориялық жоспарлау мен практикалық маңыздылығы жөнінде жан-жақты талқылап, глобалды мәселенің бірі көмірқышқыл газының экологияға зиянын компьютерлік бағдарлама негізінде модельдеу арқылы шешу жолдарымен таныстырылды. Осының арқасында қазіргі математикалық есептеулерді қолдана отырып, қоршаған ортаға қатысты барлық мәселелерді, қазба кендерін пайдалануды және игеруді, химиялық-технологиялық процестердің оңтайлы жүруін қамтамасыз ету мүмкіндігіне жол ашылады. Студенттер өздерінің ойларында жүрген сұрақтарына нақты жауап алып, математикалық моделдеу бағдарламалардың оқу процесіне элективті курс ретінде енгізіліп, бітіру жұмыстарына математикалық моделдеуді жүргізуге ынта білдірді.

Басылым күні :  04.03.2021