Ғасыр ақыны

       Университетіміздің көлемінде әлеуметтік-саяси тәрбие жұмыстары аясындағы «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы шеңберінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында маманданатын «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттерімен қазақ поэзиясының Хан тәңірі, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-музыкалық бейнекеш ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шараға қатысқан аудиторияда қазақ және ағылшын тілінде білім алатын студенттер болды, олар ақын шығармаларын оқығанда қысқа ғұмырында ары таза, жаны мөлдір, рухы биік жырлар мен дастандардың қазақ әдебиетіне өзіндік бір үндестікпен келгенін ашып көрсетуге талпыныс көрсетті. Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту өскелең ұрпақтың басты парызы екені ерекше аталды.

Басылым күні :  04.03.2021