Қос дипломдық бағдарлама аясында

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында «7М07201- Мұнай –газ ісі» мамандығы бойынша Францияның Лотаринги университетімен қос дипломдық бағдарлама жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылында аталған университеттің 4 оқытушы профессорлары Раймон Мишельс, Ирина Панфилова, Лев Филиппов, Давид Жосселин он-лайн режимде осы мамандықта білім алатын 1-курс магистранттарына «Geochemistry, diagenesis and transports in petroleum systems», «Transport of fluids, multiphase flow and hydrodinamics in the reservoirs», «Mineral processing, geology and raw mineral materials» пәндерінен дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізуде. Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан пәндердің оқу бағдарламалары заманауи ғылыми жетістіктермен ұштастырылып, практикадағы қолданыста ерекшеліктері мен артықшылықтарын нақты мысалдармен талқыланып, салыстырмалы тұрғыда талдаулар жасалынуда. Магистранттар шетелдік профессорлардың дәрістеріне бар ынта жігерлерімен қатысып, өз білімдерін толықтыруда сұрақтарын қойып, соған сәйкес жауаптарын алуда. Мұндай бағдарламалардың келешегі зор, әрі тиімділігі ұшан-теңіз.

Басылым күні :  04.03.2021