Лион 1 университеті дипломы

әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Үниверситеті химия және химиялық технология факультеті 2 – курс магистранты «6М073900 – Мұнай химиясы» мамандығы бойынша Лион 1 университеті дипломын алды (Лион қ., Франция).

Қанатқызы Акеркенің диссертация тақырыбы «Шайыр дистиллят фракцияларынан кокс алу». Жұмыс дистиллят фракцияларынан кокс алуға арналған заманауи катализатор синтездеуге арналған және де ғылыми жетекшісі Н.Т.Смағұловамен бірлесе отырып, оның қасиеттері зерттелді. Шұбаркөл кен орнынан гидрогенаттардың жартылай коксталған шайырларынан сүзу арқылы бөлініп, қайнау температурасы 280 ° С-тан жоғары фракциялардан сапасы жақсартылған коксты алу әдістері де қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша зертханалық жағдайда көмір шайырынан алынған кокстеу гидрогенатының құрылымы жақсартылған коксты алудың жоғары ықтималдығы дәлелденді.

Басылым күні :  01.02.2021