«УНИВЕРСИТЕТ 4.0»: ВЗГЛЯД БУДУЩЕЕ»

Химия және химиялық технология факультетінде «УНИВЕРСИТЕТ 4.0»: ВЗГЛЯД БУДУЩЕЕ» атты жұмыс берушілермен онлайн семинар өтті. Семинарға «Текелі тау-кен өңдеу комбинаты» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС, «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС, М.Ганди атындағы мамандандырылған №92 мектебі, «Аслан» ЖК, «Радуга» ЖШС, «аль - Фараби» оқу орталығы секілді Республикамыздың түрлі өңірлері кәсіпорындары қатысты. Семинар барысында факультет деканы Х.С.Тасибеков әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және факультетіміздің құрылымымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, мамандар дайындау және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру барысында туындайтын қиындықтар талқыланды.

Басылым күні :  14.01.2021