«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға» атты Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдығына арналған тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара!

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға» атты Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара өтті. ОЗХТ және Химия мамандықтарының 1-4 курс студенттері (ОЗХТ 402-404, ХИ 214, ХИ 101), «Мұнайхимия» мамандығының 1-курс магистранттары мен физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұстаздары х.ғ.к., доцент м.а. Г.Ж. Жақсылықова, х.ғ.к., аға оқытушы Ф.М. Канапиева, PhD, аға оқытушы Н.Ж. Құдайбергенов, аға оқытушы Ахмад Гемиль ұйымдастырды.

Студенттер мен магистранттар өте белсенділік танытып әл-Фарабидің өмір тарихын, трактаттарын айтып, викториналық сұрақтар қойып жарыс ұйымдастырып, ОЗХТ 404 топ жеңіске жетті. Ұйымдастырылған іс-шарадан рухани азық алды.  

Басылым күні :  12.01.2021