«Абай - Дана, Абай - Дара қазақта» атты онлайн тәрбиелік мақсаттағы іс-шара!

2020 жылдың 8-желтоқсан күні «Абай - Дана, Абай - Дара қазақта» атты Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара өтті. ОЗХТ және Химия мамандықтарының 1-4 курс студенттері (ОЗХТ 402-404, ХИ 214, ХИ 101) мен физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұстаздары х.ғ.к., доцент м.а. Г.Ж. Жақсылықова, х.ғ.к., аға оқытушы Ф.М. Канапиева, PhD, аға оқытушы Н.Ж. Құдайбергенов ұйымдастырды.

Студенттер белсенділік танытып Абай өлеңдері мен әндерін және қара сөздерін оқып рухани азық алды.  

Басылым күні :  09.12.2020