Қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсері

2020 жылдың қараша айында «7M05301 Химия» мамандығының 2 курс магистранттарына «Қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбында Р.О. Орынбасардың жетекшілігімен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Магистранттар берілген тақырып бойынша заманауи интерактивті әдістерді пайдалана отырып презентациялар мен баяндамалар жасады. Тәрбие сағатта қатты қалдықтар туралы мәліметтер, әртүрлі елдерде қалдықтарды залалсыздандыру жолдары мен олардан алынатын екіншілік өнімдер туралы жалпы мәліметтер бойынша пікір таластар жүргізілді. Сұрақ-жауап бөлімінде — қатысушылар қатты заттардың қалдықтары бойынша Қазақстанның әрбір облысындағы экологиялық ерекшеліктері туралы қосымша ақпараттармен бөлісіп, олардың себеп-салдарын болжап көрді. Өткізілген шара бойынша, қорытынды бөлім ретінде “Quizizz” бағдарламасында құрастырылған интеллектуалдық сұрақтарға магистранттар барлық қызығушылықтарымен жауап берді.

Басылым күні :  16.11.2020