Мұнайхимия 6M073900

Мамандық шифры - 6M073900 Мұнайхимия

Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Біліктілігі және оқу мерзімі: Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN (Германия)

Кәсіби қызмет түрлері:

– Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық салаларының жетекшілері;

– Мұнай- газөңдеу зауыттарында, мұнай базаларында сарапшылар ретінде;

– Ғылыми-зерттеу институттарында, өндірістік корпорациялар, бизнес құрылымдарында, мұнайхимия және мұнай өңдеуге қатысты жұмыс;

– химиялық, мұнайхимиялық, мұнайөңдеуге бейінді өндірістерде және ғылыми-зерттеу институттарында;

– ЖООда ғылыми қызметкерлер, оқытушылар.

Оқыту артықшылықтары:

– Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетімен (Ресей), Қытай мұнай институтымен (Қытай) біріккен қос дипломдық білім беру бағдарламасы; Клод Бернар Лион-1 университетімен (Франция) біріккен білім беру бағдарламасы;

–Жұмыс берушілер тарапының талабына сәйкес магистратура түлектерінің қажеттілігін кепілдейтін жоғары сападағы кәсіби оқыту;

– Өндірістердің тиісті салаларына сәйкес келетіндей маманда тиісті құзыреттілікті қалыптауға ықпал ететін бірегей базалық және мамандандырылған курстар,

– Мұнайхимия өнеркәсіптеріндегі мұнай және газ көмірсутектерін өңдеу процестерінің заманауи технологияларын және олардың заманауи аппараттық және технологиялық қондырғыларды оқыту;

- Интеграцияланған университеттік білім беру мен мұнайхимия саласындағы жетекші практиктердің тәжірибесі.

Халықаралық байланыстары: магистранттар жақын және алыс шетелдерде алдыңғы қатарлы серіктес жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері бар: Башқұрт мемлекеттік мұнай техникалық университеті, РҒА СБ Г. Боресков атындағы катализ институты, Мичиган технологиялық университеті (АҚШ), Сайтама университеті (Жапония), Клорд Вернарда Леон-1 университеті (Франция), М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Ресей), Қытай мұнай университеті (ҚХР), Валенсия Политехникалық университеті (Испания), Осак университеті (Жапония).

Практика өтетін жерлер: "Конденсат" АҚ, ЖШС "Рауан Налко" АҚ, Павлодар мұнай-химия зауыты "ЖШС," ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС, "Атырау МӨЗ".

Басылым күні :  31.07.2020