Терминологиялық түсіндірме сөздіктің тұсаукесері

Кафедрамыздың ардагер ұстазы, химия ғылымдарының докторы, профессор Абланова Ермек Хасеновна және профессор Аубакиров Ермек Айтқазыұлының «Терминологиялық түсіндірме сөздік» атты 40,0 баспа табақтан тұратын оқу құралы университетіміздің баспасынан жарыққа шықты. Аталған құнды еңбектің тұсаукесері факультеттің Ғылыми кеңесінде салтанатты түрде өтіп, онда профессор Ермек Хасеновна түсіндірме сөздіктің бұған дейін жарық көрген сөздіктерден айырмашылығына кеңінен тоқталып, төл тіліміздің ғылыми тілге айналуында алатын ролін жан-жақты талқылап, тілдік тұғырнаманың қалыптасу сатыларын саралап баяндап берді. Химия және химиялық технология сала мамандары мен ғалымдарына, сонымен бірге барша оқырман қауымына арналған сөздіктің алғашқы даналарын кафедра меңгеруішілеріне табыстады.

Басылым күні :  05.02.2020