Химия және химиялық технология факультетінің студенттерін ағылшын тілінде оқыту

Заманауи, жоғары білікті, инновациялық технологияларды меңгеретін, ағылшын тілін жетік білетін мамандарды дайындау аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің басты мақсаттарының бірі. Осыған байланысты химия және химиялық технология факультеті студенттерді ағылшын тілінде оқытуды алғаш рет қолға алған жоқ. Арнайы топтардың оқытушыларында IELTS, TOEFL және т.б. сертификаттары бар. Ағылшын тілінің біліктілігін көтеру мақсатында университетте жыл сайын әртүрлі курстар жүргізіліп сертификаттар беріледі. Дайындық деңгейін көтеру үшін мұғалімдер жылда ондаған оқу құралдарын, оқулықтарды және оқу-әдістемелік құралдарды ағылшын тілінде шығарады. Арнайы топтарда оқу студенттерге шетелдік университеттерде тағылдамадан сәтті өтуге, “екіжақтылық диплом” бағдарламасымен білім алуға, магистратура немесе докторантурада оқуға мүмкіндік береді. Суреттерде физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доцент м.а. Г.К. Василина ағылшын бөлімінің 4 курс студенттерімен “Мұнай шикізатының термиялық крекинг” зертханалық жұмысын жүргізу барысында.

Басылым күні :  04.05.2019