Хl Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

2019 жылдың 28-29 наурыз күндері ҚР ЖОО студенттерінің дәстүрлі Хl Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Аталған олимпиадаға "Химия", ОЗХТ және БЗХТ мамандықтарының Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе және Алматы қаласының ЖОО​ студенттерінен құралған 10 топ бойынша 30 студент қатысты. Олимпиаданың 2 кезеңі бойынша​ Физикалық химия,​ катализ және мұнайхимия кафедрасынан дайындалған​ 5В072100-"ОЗХТ" мамандығының (OXYGEN тобы) 3-курс студенті Ауғанбек Бауыржан Ғабитұлының жалпы 2 кезең бойынша жинаған 233 балы 30 студенттің ішінде ең жоғары болып танылып жүлделі 1-орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймын! Алда бұдан да биік ​ алар асуларың көп болсын деп тілеймін!
Команданың жетекшісі доцент м.а., х.ғ.к.​ Жақсылықова Гүлбану Жақсылыққызы.

Басылым күні :  05.04.2019