О.Жәутіков атындағы РФММ білім беру жәрмеңкесі

Алматы қаласы «О.Жәутіков атындағы РФММ білім беру жәрмеңкесі» болып өтті. Жәрмеңкеге РФММ-нің оқушылары және олардың ата-аналарымен қатар, Алматы қаласындағы ЖОО, атап айтқанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, АЭБУ, КИМЭП, СДУ, Азаматтық авиация академиясы, ҚазҰЗТУ, КБТУ сияқты алдыңғы қатарлы университттердің өкілдері мен EF Edication, Study Inn, Lancman, Bonas MacFarlane сияқты білім беру агенттіктері қатысты. Жәрмеңке барысында әр университет өздерінің оқу жүйелерімен таныстырды. Өз кезегінде ұлттық университеттің кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша жауапты мамандар қатысып университетіміздің ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап көрсетті

Басылым күні :  06.03.2019