Ауған соғысында қайтыс болған боздақтар туралы естелік (1979-1989жж). Ауған соғысына 30 жыл.

Жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында физикалық химия,катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Сасыкова Л.Р. және кафедра меңгерушісі Аубакиров Е.А. ауған соғысының аяқталуына 30 жыл және сонда туған еліне оралмай ғайып болған боздақтарды еске алып, ерліктеріне тағзым ету мақсатында 1,3 курс және 1курс магистранттары арасында кураторлық сағат өткізілді. Студенттермен Ауған соғысының ардагері Виктор Михаилович Мишагин өзінің соғыста еліне қайтпай мерт болған 117 қаруластарына арнаған және ауған соғысының себебі туралы жазған 2-томдық «На земле рая нет» атты кітабы талқыланып, бейбіт заманда өзге елде өз борыштарын адал атқарып мерт болған жастардың ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге тәлім тәрбие екені кеңінен айтылды. Талқылауда ешбір студент жастарымыз шет қалмай құнды пікірлер білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын ерекше тебіреніспен жеткізді.

Басылым күні :  18.02.2019