Профессор Х.Зитцманмен семинар

18 қазан 2018 жылы физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында «Жоғары импакт – факторлы мақалаларды қалай жариялауға болады?» тақырыбында неміс ғалымы профессор Х.Зитцман қатысуымен семинар өтті. Семинар барысында профессор Х.Зитцман 3 курс ОЗХТ мамандығы ағылшын бөлімі студенттерімен алдыңғы қатарлы химиялық журналдарға мақала дайындау және жазу туралы өзінің тәжірибиесімен бөлісті. Профессор Х.Зитцман өз тәжірибиесі негізінде және де өзге де ғалымдардың мысалында импакт–фактор, дәйексөз алу саны, Хирш индексі секілді ұғымдарды студенттерге түсіндіруге тырысты. Студенттер баяндамашыға және де семинар тақырыбына қатысты жоғары қызығушылық танытты.

Басылым күні :  28.12.2018