Чернобыль қасіретін еске алу

әл - Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценті Л.Р.Сасыкова 26 сәуір 2018 жылы 4 курс бакалавр ағылшын тобы студенттерімен («Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы) Чернобыль қасіретіне арналған ашық тәрбие сағатын өткізді.  Чернобыль АЭС (26 сәуір 1986 жылы) опаты – адамзат тарихындағы ең үлкен қасірет. Радиобелсенді ластағыштар көлемі Хиросимадағы атом бомбалау нәтижесінен 400 есе жоғары. АЭС 30 аса қызметкерлер мен өрт сөндірушілер қаза тапқан. 100 мың қала тұрғындары апатты аймақтан көшірілді. 

Басылым күні :  11.05.2018