«Корея тарихы және мәдениеті»

әл - фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценті Л.Р.Сасыкова "Корея тарихы және мәдениеті" тақырыбында  ағылшын бөлімі студенттеріне ("Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы) арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Шетелдік студент - Со Донг Чан, Корея елінің азаматы, өз елінің мәдениеті және Жаңа Жылды тойлау салты жөнінде презентация ұсынды.  Абдолла Райысов Қазақстан және Корея мемлекеттері арасындағы достық қарым - қатынас жөнінде мағлұмат келтіріп, мемлекеттердің рәміздері арасындағы айырмашылқтары атап өтті.  Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның өндірісі және оның әлемдік нарықтағы орны, кореялық асхана ерекшеліктері де талқыланды.  Жигербаева Гулдана жәнеЖумагазы Серик Оңтүстік Кореядан алған әсерлерімен бөлісті. 

Басылым күні :  11.05.2018