Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті (техникалық университет) магистранттары кафедрада

Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетімен (техникалық университет) ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық келісім шарт бойынша аталған университеттің «Химия» мамандығының 2-курс магистранттары Мусабаланова Виктория, Ежов Илья, Понин Денис, Бальчинов Баярто кафедрамыздың базасында 8қазаннан 21 қазан 2017 жылы стажировкадан өтті. Стажировка барысында кафедрамыздың, факультеттің, университет жанындағы ғылыми-зерттеу институттарында болып, ғылыми бағыттармен танысып, кейбир оқытушы-профессорлардың ғылыми зертханаларында ғылыми зерттеулер жүргізді. Стажировка соңында екі апта көлемінде атқарылған шаралар мен алдағы ғылыми жоспарлар аясында кафедрамыздың магистранттары мен докторанттары қатысында дөңгелек стол ұйымдастырылып, келген студенттер жалпы стажировканың жоғары деңгейде өткеніне зор алғыс білдірді.

Басылым күні :  27.11.2017