Ашық есік күні

16 қараша 2017 жылы химия және химиялық технология факультетінде мектеп мұғалімдері және оқушыларға арналған Ашық есік күні болып өтті. Ең алдымен факультет деканы Оңғарбаев Е.Қ. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жайында, университеттің әлемдік деңгейде көшбасшылар алдында екендігін, жеткен жетістіктер жайында айтып өтті. Одан кейін соның ішінде химия және химиялық технология факультеті жайында, ондағы кафедралар, оқытушы- профессорлар құрамы, олар айналысатын ғылыми зерттеу бағыттары туралы айтып берді. Өз кезегінде оқушылар деканға өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Декан оқушылар сұрақтарына жауап бере отырып, қандай жеңілдіктер болатынын, қанша грант бөлінетіні, ақылы оқу қандай, бітірген соң жұмыспен қамтылу жайында жақсы мәліметтер берді. Кеш соңында факультет белсенділері оқушаларға арнап концерт қойып берді. Артынан оқышулар мен мұғалімдер кафедраларда аралап, ондағы зерттеу жұмыстарын жасайтын кондырғылар мен әдістермен танысты.

Басылым күні :  27.11.2017