«CASE-IN» Халықаралық Инженерлік Чемпионаты студенттік лигасы Іріктеу кезеңі

Сәуірдің 12 жұлдызында сағат 11 : 00 химия және химиялық технология факультетінде «CASE-IN» Халықаралық Инженерлік Чемпионаты студенттік лигасының Іріктеу кезеңі физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының үйымдастыруымен өткізілді. Іріктеу кезеңінде Қазақстан Республикасының 5 универсетінен 7 команда қатысты: әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Торайғыров университеті» ҰОҚ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік – Қазақстан университеті, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс – Қазақстан аграрлық – техникалық университеті.

Қазақ ұлттық университеті химия жәгне химиялық технология факультеті «Troil» командасы (Команда жетекшісі – PhD, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы доценті Тоштай Қайнаубек) жеңімпаз атанды. Команда Университетті Мәскеу қаласында 30 мамыр – 1 маусым аралығында өтетін финалда көрсету мүмкіндігіне ие болды.


Басылым күні :  17.04.2023