«CASE-IN» ® Халықаралық инженерлік чемпионаты

12 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы "CASE-IN" Халықаралық инженерлік чемпионатының он бірінші маусымының іріктеу кезеңін өткізеді!!! Чемпионатқа М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті командалары қатысады.  

 "CASE-IN" ® Халықаралық инженерлік чемпионаты (бұдан әрі – Чемпионат) – оқушыларға, студенттерге және отын-энергетика және минералдық-шикізат кешендерінің (бұдан әрі – ТЭК және МСК), атом өнеркәсібі мен аралас салалардың жас мамандарына арналған инженерлік кейстерді шешу бойынша жарыстардың халықаралық жүйесі.

 

Басылым күні :  10.04.2023