«ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС өкілімен кездесу

2023 жылдың 5 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің студенттері мен әлемге әйгілі «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС өкілінің бейімдеу және оқыту жөніндегі менеджері С.С. Барбашов мырзамен кездесу өтті.

С.С. Барбашов мырзаның сапарының мақсаты студенттерді ақылы және тегін

тағылымдамадан өту шарттарымен таныстыру, әрі қарай іріктеу және өз кәсіпорнында жұмысқа орналастыру, зауыттың өндірістік желісін, сапаны бақылау бөлімін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді көрсету, сонымен қатар басқа елдерде жұмысқа орналасу перспективаларын ашу болды.

 

Басылым күні :  10.04.2023