"PROM-докторанттар мен оқытушылардың халықаралық стипендиялық алмасуы"

Бекисанова Жанар Болатқызы Физикалық химия катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушысы, "Жас Ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландырудың иегері постдокторанттарға PROM бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті. Торунидегі Николай Коперник университетінде докторанттар мен оқытушылардың халықаралық стипендиялық алмасуы сәтті аяқталды. Тағылымдама аясындағы зерттеулер 2023 жылғы 15 ақпан мен 14 наурыз аралығында шетелдік кеңесші профессор М. Спринскиймен бірлесіп жүргізілді. Тағылымдама аясында докторлық диссертация тақырыбы бойынша ауызша баяндама ұсынылды. Сапар Торунидегі Николай Коперник университеті мен Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті Алматыда арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтты.

Басылым күні :  28.03.2023