ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Білім саласының басты мақсатының бірі - болашақ ұрпаққа аманат етілген планетаны көздің қарашығындай сақтап, жеткізу. Осы мақсатта көңіл бөлуді қажет ететін құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық деңгейде ерекше өзекті болып отырған «Тұрақты даму концепциясы». 2015 жылы БҰҰ саммитінде тұрақты дамудың 17 мақсаты әзірленді. «Тұрақты даму концепциясын» жастарға түсіндіру кезек күттірмейтін шаралардың бірі. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультеті «Физикалық химия, катализ және мұнайхимия» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерді «Тұрақты даму концепциясының» қоршаған ортаны қорғау мақсатымен таныстыру химиялық өндіріс технологиясымен толық танысқанан соң мүмкін болды. Қоршаған ортаға дұрыс таңдалмаған технологиядан химия өндірісінің қаншалықты зиян әкелетініне көз жеткізу мақсатында іс-шара өткізілді. Соның нәтижесінде тұрақты дамудың экологиялық проблемаларына мән беру олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысты екендігін түсінуге жол ашты.

 

Басылым күні :  16.02.2023