“Youth Chemistry Conference 2022” VI жыл сайынғы ғылыми конференциясында «Al-Farabi KazNU SPE» студенттік секциясының 2020 жылғы президентінің қатысуы

2022 жылдың 12 қараша айында Назарбаев Университетінде жас студенттер мен мамандарға арналған фундаменталды, қолданбалы химия және химиялық инженерия саласында VI жыл сайынғы ғылыми конференция “Youth Chemistry Conference 2022” өтті. Ол химия мамандығының студенттері мен жас ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын таныстыра алатын және ғылымдағы перспективті бағыттарын талқылайтын платформа бола келеді.

Осы жылы конференция “Novel Approaches in Chemistry: From Fundamentals to Applications” тақырыбында өтілді. Студенттерден басқа, конференцияға жеке лекцияларымен шетелдік профессорлар қатысты.

Біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «Химия» мамандығының 4 курс студенті, «Al-Farabi KazNU SPE» студенттік секциясының 2020 жылғы президенті Тимурқызы Ажар (ғылыми жетекшісікафедраның доценті Акбаева Д.Н.) қатысты. Ажар өз жұмысын криогельды матрицадағы инкасульденген спирттің каталазамен тотығуы тақырыбында иделярымен бөлісті. Ажар әрі қарай жұмыс істеу үшін көптеген инсайт пен ұсыныс қабылдады.

 

Басылым күні :  12.02.2023