"әл-Фараби ат. КазҰУ SPE "студенттік бөлімшесі жыл сайын болатын Каспий Техникалық Конференциясында

2022 жылдың 15-17 қараша айында Астана қаласында "Al-Farabi Kazakh National University SPE Student Chapter"студенттік бөлімшесінің студенттерінің қатысуымен жыл сайын болатын Каспий техникалық конференциясы өтті. Биылғы жылы іс-шара спикерлер мен жоғары деңгейлі сарапшыларды қызықтыратын 19 пән мен 15 техникалық секцияны қамтитын кең техникалық бағдарламалар ұсынылды. Сала көшбасшылары мен техникалық сарапшылар мұнай-газ саласы туралы өз көзқарастарымен және түсініктерімен бөлісті, техникалық бағдарлама техникалық тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Денсаулық сақтау, қауіпсіздік және қоршаған орта саласындағы өкілдер мен мамандар қатысты. Зерттеу орталықтары, университеттер мен институттар қатысты. Конференцияның екінші күніңде 2022 жылғы өңірлік лауреаттарды марапаттау рәсімі өтті, оның барысында "Al-Farabi Kazakh National University SPE Student Chapter" студенттік бөлімшесі "Presidential award for outstanding student chapter 2022"марапатына ие болды. Бұл сыйлықты жыл сайын SPE ұйымының 400 студенттік бөлімшелерінен тек 5% - ы ғана алады. Конференция ұйымдастырушыларына сарапшылардың кездесулерін тиімді пайдалануға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ демеушілік жасағаны үшін "Almaty SPE Section" және "Шеврон" алғыс білдіргіміз келеді.

Басылым күні :  12.02.2023