Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Клод Бернард атындағы Лион университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын талқылау

Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 29-30 қарашада Францияға ресми сапармен барды. Президенттер білім беру саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өтті, сондай-ақ студенттердің ұтқырлығын арттыруды, атап айтқанда, Абай-Верн бағдарламасы бойынша шәкіртақылар санының ұлғаюына және француз университеттерінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша тізімін кеңейтуге байланысты қолдау білдірді.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Францияның Клод Бернард атындағы Лион 1 университетінің өкілдері профессор Питер Гукян және профессор Шашанк Мишрамен «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының оқытушыларының бейнеконференциясы өтті. Кездесу барысында тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Клод Бернард Лион 1 университеттерінің Химия және химиялық технология факультеті арасында «7М07101 – Мұнайхимия» магистратураның білім беру бағдарламасы негізінде шарт жасасу бойынша бірқатар маңызды мәселелерді талқыланды. Білім беру мен кәсіптік бағдарлауды бірлесіп және бір мезгілде дамыту білім беру ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылының негізгі драйверлері болып табылады. Қызметтің ғылыми-білім беру саласына инновацияларды енгізу өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын дамытуға ықпал етеді және өзара тиімді байланыстарды қалыптастырады, өйткені Лион университеті пәндік рейтинг бойынша Топ-200-ге, Франция университеттері бойынша ТОП-20-ға және білім сапасы бойынша әлемнің 400 үздік жоғары оқу орындарына кіреді.

 

Басылым күні :  11.02.2023