Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 1-курс магистранты Хасанова Ақерке «Жылдың жас ғалымы - 2022» атанды

Қазақстандағы «Жалпыұлттық «Бөбек» қозғалысы ғылыми конгресі жыл сайын ұйымдастырып өткізіп келе жатқан «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы «Үздік жас ғалым – 2022» «VІ Халықаралық кітап басылымдары конкурсының қорытындысы шығарылды. Оған еліміздің көптеген жоғары оқу орындары мен Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларуссия және басқа республикалардан магистранттар, оқытушы-ғалымдар ғылымдағы өздері таңдаған сала бағыттары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатысқан болатын.

Елордамызда өткен биылғы «Жылдың жас ғалымы - 2022» атағына ілігіп, конкурстың арнайы дипломы мен медаліне ие болып, куәлігін алғандардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультетінің 1-курс магистранты Ақерке Серікқалиқызы Хасанова да бар. Конкурстың қорытындысы бойынша, «Бөбек» ғылыми журналында оның «Ақылды кеніштердің мұнайгаз өндірісі технологиясындағы маңызы» атты ғылыми мақаласы жарық көрді. Жұмыстың ғылыми жетекшісі – философия докторы PhD, университетіміздің Химия және химиялық технология факультетінің доцент м.а. ұлағатты ұстаз-ғалым Идеят Болатұлы Игембаев. Бұл жеңіс біздің университетіміз үшін де үлкен жетістік.

Басылым күні :  10.02.2023