ҚР мектеп оқушылары үшін кəсіби бағдар беру жұмысы бойынша онлайн-конференция өткізілді

1-қараша 2022 жыл химия жəне химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ жəне мұнайхимия кафедрасының оқытушылары Искакова Р.А., Наренова С.М., Үсіпбекова Е. және ХИ-211 (қазақ бөлімі), ХИ-203 (орыс бөлімі) топ студенттерінің ұйымдастыруымен ҚР мектеп оқушылары үшін кəсіби бағдар беру жұмысы бойынша онлайн-конференция өткізілді. Конференция мақсаты – университет факультеттері, мамандықтар, ғылыми бағыттар, жеңілдіктер, гранттар саны жəне т.б. жайлы ақпараттармен таныстыру. Конференцияға Алматы, Қызылорда, Шымкент, Зайсан, Кентау қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан 12 мектеп оқушылары қатысты. Студенттер факультет өмірі, қызықты студенттік шақтары тұралы бейне материалдар және презентациялар дайындап оқушыларымен бөлісті. Оқушыларға арналған қызықты ойындар, конкурстар ұйымдастырылды.

 


Басылым күні :  18.11.2022