«Жаңа Қазақстан-болашаққа жаңа қадам!»

18-қазан 2022 жылы сағат 10:00-де «6В05301-Химия» мамандығының 2 курс студенттерімен (ХИ-205К) 417 аудиторияда 25-қазан Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан-болашаққа жаңа қадам!» атты кураторлық сабақ өтті.    

Кураторлық сабақтың мақсаты болашақ жастарға ұлттық рухани тәрбие беру, қайта оралған ұлттық мерекені ұлықтау.

Республика күні-тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Дәл қазір қоғамның дамуымен қатар бірқатар мемлекет аралық шиеленістердің орын алуынан елімізге мықты саяси сауаттылық пен ынтымақтастық, ел болып бірігетін бірлік пен береке керек. 13 жылдан соң осы мерекенің қайта оралуы тегін емес. Сондықтан тек саналы мен білімді болып қана қоймай ұлттық рухты, азаматтылықты, ұлтжандылықты арттырып, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге күш қосу мақсатында жастармен осы тақырып жайында талқыланды. Мерекенің шығу тарихы, оның рухани құндылығы жайлы сөз етілді. Осы мерекенің қаншалықты маңызды және мәнді екендігін сезініп, студенттер өз пікірлерімен бөлісті.

Басылым күні :  18.11.2022