ТӘЖІРИБЕ – ЖАҢА БЕЛЕСТЕР МЕКЕНІ

Химия және химиялық технология факультетінің «6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығында оқитын 1-ші курс студенттері оқу бағдарламасына сай осы жылдың мамыр айының 30-шы жұлдызынан маусым айының 11 жұлдызы аралығында екі апта бойына физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Ешова Жания Турлуановнаның жетекшілігімен оқу практикасынан өтті. Оқу практикасынан өту барысында студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасына және Ұлттық кітапханаға экскурсия жасады. Студенттер кітапханалардың тарихы, оқу залдары, кітап қоры және кітапханамен тығыз қарым-қатынастағы мәдени орталықтар жайында мағлұматтар алды. Сонымен бірге Soft Books, Qazaq University, Begell, Aknur press, Эпиграф, E.lanbook, Digital Library, Wiley, IEEE Xplore, Polpred.com, Springer, Scopus сайттарымен танысып, осы сайттарға тіркелді. Алғашқы ғылыми дерек көздерін қалай жинау, ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керектігі жайында іс-тәжірибе алды. Осы экскурсиялардан алған әсерлерін 1-ші курс студенті Легкая Инесса «Қазақ университеті» газетінің 25 маусымда № 20 басылымында шыққан «Тәжірибеде тәлім көп» атты мақаласында көпшілік оқырман қауыммен бөлісті.

 

Басылым күні :  18.11.2022