Жұмыс берушілермен кездесу

Кафедрамыздың студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарының қатысуымен «Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрхимия институты» акционерлік қоғамының жанындағы «Коррозия проблемасы бойынша құзыреттілік орталығының» қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде орталық меңгерушісінің орынбасары Кензин Н.Р. және бөлім меңгерушісі Бурумбаева Г.Р. орталықтың негізгі айналысатын жұмыстарының бағыты туралы кеңінен мағұлматтар беріп, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы коррозия прблемасын шешу бағытында білікті инженер-технологтар тапшы екенін, соған алдына нақты мақсат қойып, өндіріспен тығыз байланыста жұмыс істеуге білімді жас мамандарды тарту және олардың кәсіби біліктілігін арттырып, шыңдауда орталықтың ролі ерекше екенін атап өтті. Кездесу соңында бірнеше жас талапкерлер әңгімелесу нәтижесінде жұмысқа шақырту алды.

Басылым күні :  09.03.2022