Біліктілікті арттыру курсы өтті

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы Университетіміздің жанындағы біліктілікті арттыру институтымен бірге елімізде газ саласында жұмыс істейтін мекемелердің қызметкерлерінің білімін көтеру мақсатында "ҚР СТ 1666-2007 бойынша жеткізілетін және тасымалданатын, табиғи жанғыш газдарының технологиялық параметрлерін анықтау және сапасын талдау" тақырыбында біліктілікті арттыру курсын теориялық және практикалық тұрғыда жүргізді. Біліктілікті арттыру курсына 19 тыңдаушы қатысып, теориялық білімдерін толықтырып, практикалық сабақтарда зертханалық жұмыстар жасап, теориялық білімдерін ұштастырды. Курс барысында тыңдаушылар анықтамалық мәліметтермен, газдарға қатысты ГОСТ-ылармен сараптамалық есептеулер жүргізіп, хроматогрфиялық талдаулармен шеберліктерін арттырып, мол тағылымдамадан өтті. Курсты ұйымдастыруда, әрі сапалы өткізуде кафедра профессорлары Аубакиров Е.А., Конуспаев С.Р., доцент Тоштай К. көп еңбек сіңірді.

Басылым күні :  09.03.2022