Оқу үдерісіндегі интерактивті тақталар (Miro және Padlet)

Химия және химиялық технология факультетінің аға оқытушысы Супиева Ж.А. біліктілікті арттыру курсына «Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану. Педагогикадағы сандық құралдар» (5 сәуір, 2021 ж.) қатысты. Вебинарда Miro және Padlet интерактивті тақталарын оқу үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен тәсілдері туралы айтылды және көрсетілді.

Miro-ның ақысыз нұсқасында не істей аласыз? Тақтаға мәтін жазу, суреттер, әртүрлі типтегі файлдар (pdf, ppt және т.б.), стикерлерді жапсыру; сурет салу, формулаларды қолмен жазу; шаблондарды немесе «нөлден» пайдаланып ақыл картасын құру; жобаны басқару үшін «канбан» тақталарын қолдану; бір тақтада бір уақытта топта жұмыс істеу.

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығында оқитын студенттермен бірлескен жұмыс барысында Miro интерактивті тақтасын қолдану арқылы қызықты сабақ өткізілді.

https://miro.com/app/board/o9J_lLSX5FY=/ 😉👌 

Басылым күні :  13.05.2021