LEAGUE CHEMISTS

2020 жылы 4 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Химия және химиялық технология» факультетінің «Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «LEAGUE OF CHEMISTS» атты интеллектуалдық сайысына Республикамыздың 9 ЖОО 11 команда: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Яссауи атындағы ХҚТУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, Дулати атындағы ТӨУ, АТУ, Қорқыт Ата атындағы ҚУ қатысқан. Мақсатыстуденттердің танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ойын LearningApps, Edpuzzle, quizizz.com сияқты онлайн-сервистердің көмегімен ZOOM платформасында өтті. Ойын бағдарламасы 6 турдан тұрды, оның ішінде, командалардың видео-таныстырылымы, видео-сұрақ, 4 сурет 1 фото сияқты ойындар болды. Жарыстың нәтижесі бойынша :
1-
орынды Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың "Next Generation" командасы
2-
орынды Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың "Noubl Gases" командасы, Қорқыт ата ат. ҚМУ-дың "Qorqyt quramasy" командасы
3-
орынды Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ-дің "Genius" командасы, Қожа Ахмет Яссауи ат. ХҚТУ-дің "Виктория" командасы, М.Х.Дулати ат. ТарӨУ-дің "Эффект" командасы иеленді. Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.
Университетіміздің атынан шыққан : Жақсыбай Бағашар, Батырбаева Кәмшат, Минкаева Аяулым, Рустемова Мадина, Жолаева Жұлдыз, Махмудрахым Алтынай, Нурлан Асылжан, Темірғали Құндыз, Торғаева Арайлым, Ильяс Султан, Нұрым Бекзат,
Серіков Мақсатқа ерекше алғыс білдіреміз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, өз білімдеріңізді дәлелдедіңіздер. Жас зияткер білім алушыларымызды білім сайысындағы жеңістерімен құттықтап, білім мен ғылым белестерін бағындыра берулеріне тілектеспіз! Біз Сіздермен мақтанамыз! Университетіміздің білім беру мен ғылым саласындағы жеңістері мол бола берсін! Факультетіміздің белсенді студенттерінен құралған ХИ-203К тобына ерекше алғысымызды білдіреміз!

Басылым күні :  10.05.2021