КазҰУ - мен жарқын болашаққа

23 сәуір 2021 жылы физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы оқытушылары Қызылорда қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларына арналған «ҚазҰУ – мен жарқын болашаққа» атты іс – шра ұйымдастырды. Онлайн жиынға әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технология факультеті бетке ұстар түлектері, мақтаныштары  Dr.rer.net. Mожаева Д.(Германия), «5B011200 – Химия» мамандығы 3 – курс студенті Омарбай Жұлдыз қатысты. Кездесуде университетіміздің құрылымы, факультетте дайындалатын мамандықтар және оқу орнының мүмкіндіктері, құжаттарға қойылатын талаптар туралы ақпараттар берілді. Оқушылардың сұрауымен қос дипломдық бағдарлама, НЗМ түлектерін қабылдау ерекшеліктері, тағлымдамадан өтуге болатын өнеркәсіп орындары жөніндегі мәліметтерге кеңінен талқыланды. Кеш қонақтары ҚазҰУ- да оқу артықшылықтары және мансаптық өсудегі факультет қабырғасында алған білімдерінің атқарған рөлін ерекше атап өтті. Кеш барысында оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарға толық қанды жауап ала алды.

Басылым күні :  03.05.2021