Кешіктіруді қалай жеңуге болады?

Педагогикалық практика аясында «Кешіктіруді қалай жеңуге болады?» тақырыбында 19 сәуір 2021 жылы сағат 18 : 00 ағылшын тілінде вебинар өтті. Вебинар жүргізушісі: Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы «Мұнайхимиясы» мамандығының 1 – курс магистранты Максотова Құралай. Ғылыми жетекшісі – х.ғ.д., доцент Акбаева Дина Наурызбаевна. Химия әне химиялық технология факультеті оқытушылары және студенттері кешке белсенді түрде қатысты.

Вебинарда бүгінгі таңдағы адамзат үшін өзекті мәселе болып табылатын – кешіктіру мәселесі қозғалды. Көпшілігіміз жасау керек жұмысты емес бір рет болса да басқа дүниелермен айналыстық. Аталмыш мәселенің себебі, оның салдары және онымен күрес туралы айтылды. Кешіктіру – шаруларды кейінге қалдыру және де соның әсерінен психикалық қиындықтарға ұшырау. Кешіктіруді кейбіреулері жалқаулықпен шатыстырады. Өкінішке қарай, ол олай емес...

Басылым күні :  26.04.2021