Қазақстан саясатындағы әйелдердің рөлі

 

  Философия және саясаттану факультетінің Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму мақсаттары аясында Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына орай арнайы  «ZERTTEU RESEARCH INSTITUTE» қоғамдық қорының директоры Шолпан Айтеновамен бірлесе «Қазақстан саясатындағы әйелдер» атты кездесу кеші өтті. Кездесу барысында саясаттағы әйелдердің рөлі, гендерлік саясат және әр әлеуметтік-саяси салалардағы әйелдердің орыны жайлы талқыланды.

 

  Кездесуге келген студенттер тақырып аясында спикерге Қазақстандағы саяси аспектіден әйелдердің үлесін қалай көтеруге болады, мәдени стеротиптермен қалай күресеміз деген сияқты өзекті сұрақтарын қойды. Кездесу өте қызықты және ақпаратқа толы өтті. Әйелдердің саясатқа араласуы қазақстандық қоғамның демократиялық негіздерін кеңейтеді. Бұл – әйелдердің таланты күрделі мәселелерді шешуде қоғамға пайда әкеледі деген сөз. Сондықтан да саясаттағы гендерлік даму мәселелерін шешуге тұрақты және жүйелі көзқарас қажет. Бұл тәсіл елдегі гендерлік алшақтықты жоюды жеделдетуге және гендерлік теңдік бойынша жаһандық рейтингтердегі Қазақстанның позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 Ұйымдастырушылар: Халикова Ш.Б., Басыгариева Ж.А.,    

саясаттану 2 курс магистранты Нұрахыман Е. 

Басылым күні :  02.04.2024