2023 жылдың 28 сәуірі күні өткен «6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының комиссия мәжілісі бойынша ХАТТАМА

Саясаттану секциясы бойынша конкурстық комиссия базалық ЖОО ректорының 2023ж. 18 сәуіріндегі №206 бұйрығымен бекітілген.

Комиссия мәжілісінде комиссияның 3 мүшесі, қатысушылар, олимпиада командаларының ғылыми жетекшілері, техникалық хатшы және конкурс комиссиясының төрағасы - PhD докторы, «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Төлен Ж.М. қатысты.

 Күн тәртібі:

 1. «6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу формасы – ғылыми жұмыстар/жобалар конкурсы.

Жұмыс жеке немесе студенттер тобымен (командада 3 адам), ғылыми жұмыстарға/жобаларға қойылатын барлық талаптарды (титул беті, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі) сақтай отырып орындалуы керек. Жобалар олимпиада тақырыптары аясында ұсынылуы керек.

Тақырыптар:

1. Қазіргі геосаяси мәселелер.

2. Қазақстандағы сайлау процестері.

3. Азаматтық қоғам: Қазақстандағы қалыптасу және даму мәселелері.

4. Мемлекеттің саяси процестеріндегі жастардың рөлі: қазіргі әлем және Қазақстан.

5. Билік пен қоғамның өзара әрекеттесу процесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі.

6. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері.

7. Мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар: отандық және халықаралық тәжірибе.

Студенттердің ғылыми жұмыстары politology.kaznu@mail.ru электрондық поштасына 2023 жылдың 25 сәуірі, сағат 00.00-ден кешіктірілмей жіберілді. Ғылыми жұмыстар университет тарапынан PDF және Word форматында (плагиатты тексеру үшін) ұсынылды.

Барлығы 11 ғылыми жұмыс ұсынылып, жұмыстар тексеруден өтіп, қорғауға жіберілді.

 2. Ғылыми жұмыстардың/жобалардың презентациясы MS Teams бейнеконференциялық байланыс қызметінде 2023 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00. өтті. Плагиат тексерісінен өткен командалар онлайн-конференцияға жіберілді (жұмыстың бірегейлігінің пайызы кем дегенде 65%). Әр командаға өздерінің зерттеу жұмысын/жобасын ұсыну үшін 6 минут уақыт берілді.

 Тыңдалды:

Комиссия төрағасының кіріспе сөзі.

Төлен Ж.М.: Қайырлы күн, құрметті олимпиада қатысушылары, жетекшілер мен комиссия мүшелері!

Студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша онлайн-конференция режимінде, барлық қатысушы командаларды қосу арқылы өтуде.

Студенттердің олимпиадаға, ғылыми ізденістерге қызығушылық танытқандары бізді қуантады, жұмыстар өте қызықты және өзекті. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Байқау шарттарын жариялау үшін сөз кезегі конкурстық комиссия хатшысына беріледі.

Басыгариева Ж.А.: Студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиада 2 кезеңді қамтиды. 1 кезең – ғылыми жұмыстарды/жобаларды плагиатқа тексеру (кемінде 65% бірегейлік). 2 кезең – топтық/жеке жобалық жұмыстардың презентациясы (қатысушыларды қызықтыратын мәселелер бойынша).

Комиссия келесі критерийлер бойынша бағалайды: өзектілігі, жаңалығы, зерттеу тереңдігі, практикалық қолдану мүмкіндігі және теориялық маңыздылығы, эмпирикалық зерттеу, ғылыми жұмыстың безендірілуі, презентация. Әрбір критерий 1-ден 10 ұпайға дейін бағаланады. Қорытынды максималды балл – 70 ұпай. Әр командаға өзінің ғылыми жұмысын/жобасын ұсынуға 6 минут уақыт беріледі.

 «6B03106-Саясаттану» мамандығы бойынша

студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиаданың

нәтижелері

Қатысушылар/

Жұмыс атауы

ЖОО

Комиссияның қорытынды бағасы/ балл

Барлығы/ балл

Төраға:

Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы - PhD докторы, «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті

Токтаров Ермек Бауржанович - PhD докторы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері

Макатова Анара Даулетовна - PhD докторы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті

 

Абжаппарова Айгуль Абдумуталиповна - PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

доцент м.а.

1

Горбунова Дарья

Бадыкова Дильназ

Кадыр Линар

ГРАЖДАНСКОЕ ОБЩЕСТВО: ПРОБЛЕМЫ СТАНОВЛЕНИЯ И РАЗВИТИЯ В КАЗАХСТАНЕ

НАО «Торайгыров университет»

30

28

35

27

120

2

Искаков Ержан Маратович

Каримов Дамир Надирович

Торебек Альнур Куанышбекович

ОСОБЕННОСТИ ПОЛИТИЧЕСКОЙ МОДЕРНИЗАЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

КазНУ им. аль-Фараби

43

55

45

37

180

3

Ғалымжан Аружан Мұратбекқызы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ

ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

42

54

63

51

210

4

Мырзабай

Әлішер Қуандықұлы, Алжанова Дана Айдынғалиқызы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ-ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ     ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

28

36

50

37

151

5

Khalelov Olzhas

Aikenova Saniya

Kusainov Ulan

FUNCTIONING OF SOCIAL LIFT IN RELATION TO KAZAKHSTAN’S YOUTH

ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

34

46

60

51

191

6

Усенова Зарина Алматовна

Мақсат Марал

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСИ САНАНЫҢ ӨЗГЕРУІ

КарУ им. Е.А.Букетова

35

36

57

50

178

7

Алигожина Сабина Ерболатовна

САНКЦИИ КАК ИНСТРУМЕНТ СОВРЕМЕННОЙ ВНЕШНЕЙ ПОЛИТИКИ

НАО «Торайгыров университет»

39

52

44

45

180

8

Хамзаева Ф.Ж

СООТНОШЕНИЕ ЭЛЕКТОРАЛЬНЫХ ОЖИДАНИЙ И ПАРТИЙНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

КазНУ им. аль-Фараби

41

70

70

57

238

9

Абдулзалиев Камиль Якупович

ПЕРСПЕКТИВЫ СТАНОВЛЕНИЯ И РАЗВИТИЯ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА В КАЗАХСТАНЕ

ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

27

25

43

32

127

10

Туржан Айгерим

САЯСИ КӨШБАСШЫ БОЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАСТАПҚЫ ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ РӨЛІ

КазНУ им. аль-Фараби

38

52

36

32

158

11

Молдабаев Әділет,

Маликайдарова Жанель

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ ТРАНСКАСПИЙ ДӘЛІЗІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

КарУ им. Е.А.Букетова

29

30

57

28

144

 Қаулы етілді:

 Конкурстық комиссиясының төрағасы PhD докторы, доцент Төлен Ж.М. сөз сөйледі:

Құрметті Республикалық олимпиадаға қатысушылар, жұмыстарыңызды ұсынып, қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінгі тақырыптар өте қызықты және өзекті болды. Саясаттану бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері 2023 жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей www.kaznu.kz ресми сайтында жарияланады.

Олимпиадаға қатысушылардың нәтижелерін талқылағаннан кейін комиссия келесі жеңімпаздарды марапаттауға ұсынады:

 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің

І-дәрежелі дипломымен

1 команда

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің І-дәрежелі дипломымен Хамзаева Ф.Ж., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің

II дәрежелі дипломдарымен

2 команда

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен Ғалымжан А.М., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.

 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен Халелов О., Айкенова С., Кусаинов У., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.

 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің

III дәрежелі дипломдарымен

3 команда

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен Искаков Е.М., Каримов Д.Н., Торебек А.К., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен Алигожина С.Е., КЕАҚ «Торайғыров университеті», Павлодар қ.

 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен Усенова З., Мақсат М., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ, Қарағанды қ.

 

Басылым күні :  30.04.2023